Президент: Бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керектігін жеткізді.
«Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Президент өз сөзінде 2020 жылы волонтерлер жылы болатынын еске салды.
«Маңызды міндеттердің бірі – жастар мен студенттерді ерікті жұмысқа тарту, оларға белсенді өмірлік позицияларды сіңіру. Бұл – азаматтық қоғамдық бекемдеуде жұмысымыздың маңызды бөлігі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.