Қызылордада көпқабатты үйлердің балалары жарысты (ФОТО)

Қала орталағынан тысқары орналасқан Титов қыстағы мен СПМК, КБИ, Бәйтерек мөлтек аудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлерінің аулаларында өткен таңғы жаттығу және асық ату, дартс, галка, джями сайыстарына балалар мен жасөспірімдер көптеп қатысты.
Шара жасөспірім балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткізілді.
Жарыс соңында жеңімпаздарға спорттық құрал-жабдықтар табыс етіліп, диплом және алғыс хаттармен марапатталды.



