2 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар
Дәл осы күні Екінші дүниежүзілік соғыстағы небары үш аптаға созылған аса маңызды операциялардың бірі сәтті аяқталып, Жапония сөзсіз тізе бүккендігі жөніндегі актіге қол қойды.
1938 жылы Алматы мен Павлодар арасын байланыстыратын телеграф желісі өз жұмысын бастады. Осы желі ашылған соң Алматы мен республиканың барлық облыстары арасында байланыс жасау мүмкіндігі ашылды.
1993 жылы Қазақстан және Түркияның үкімет делегацияларының келіссөздері болды. Кездесу барысында Декларациялар, ҚР және Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөнінде үкіметаралық комиссия құру туралы хаттамаға, ҚР және Түркия Республикасы арасындағы консулдық конвенцияға және ҚР мен ТР арасындағы визадан босату жөніндегі келісімнің қосымша хаттамасына қол қойылды.
2011 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасы 100 пайыз қазақшаға көшті.
2015 жылы Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов мінген «Союз ТМА-18М» зымыран-тасымалдағышы Астана уақытымен сағат 10.37-де Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды.
Айдын Айымбетов бортқа өзімен бірге Қазақстан Республикасының, Қазақстан халқы Ассамблеясының және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің туларын алып ұшты.