Қызылордада «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 30 жылдығы аталып өтті (ФОТО)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде «Невада-Семей» қозғалысына 30 жыл және Семей полигонының жабылуына 28 жыл толуына орай конференция өтті.
Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, Қызылорда облысы бойынша «Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбит Әбіш, «Невада-Семей» қозғалысы қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының атқарушы директоры Рахымжан Мантенов қатысты.
«Егеменді ел болғалы 28 жыл уақыт болды. Ел тыныштығын ойлаған қазақ зиялылары «Невада - Семей» ядролық полигонын жабуда аянбай еңбек етті. Бүгін де осы еңбектің арқасында «Невада - Семей» ядролық полигонының жабылғанына 28 жыл толуы халықтың маңдайына берген бір сый болар. Бүгінгі таңда, солбір күндердің куәгерлері арамызда жүр. Осы азаматтардың мүддесін қорғаушы болып табылатын қоғамдық бірлестіктер облыстың әлеуметтік-саяси өміріне белсене араласып келеді»,-дейді Талғат Маханов.
Басқосуда бірқатар азаматтар мерейлі мерекеге арналған алғыс хаттар мен құттықтауларға ие болды.