Мұғалімдерге 1 қыркүйектегі демалыс күнінің өтемақысы қалай беріледі?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері 1 қыркүйекте жұмысқа шығатын мұғалімдерге қандай өтемақы төленетіні туралы айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің блогына "Ашық диалог" порталында Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ барлық аймақтық басқармалар, білім бөлімдері және жалпы орта білім беретін мектептер 1 қыркүйек, демалыс күні мектеп қызметкерлерін жұмысқа тарту үшін бұйрықтар шығару және/немесе жазбаша өкімінің тартуға міндетті ме деген сұрақ жолданған.
Өтініш авторы Мәлік Жұмағалиев сондай-ақ, «Мұғалімдерді демалыс күні олардың келісімінсіз жұмысқа тарту заңды ма және олар осы күні жұмыс үшін қосымша төлем ала ма?» деп сұраған.
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметкерді демалыс күні жұмысқа тарту үшін оның жазбаша келісімі болуы керек.
"Демалыс күні қызметкердің жазбаша келісімімен жұмысқа тартуға болады және бұл жұмысты оның қалауы бойынша оған басқа демалыс күні беріледі (белгіленеді) немесе ақы мөлшері қызметкердің күндізгі (сағаттық) ставкасы бір жарым еселеніп төленеді. Егер қызметкер бұдан бас тартса, бұл еңбек тәртібін бұзу болып табылмайды, тиісінше ол үшін ешқандай құқықтық салдарға әкеп соқпайды", - деп жазды министр Біржан Нұрымбетов.