Жаңақорғанда 12 рет мал ұрлаған барымташылар ұсталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 24 тамызда Жаңақорған аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Сырдария жағасында жайылып жүрген 250000 теңге тұратын сиырын белгісіз тұлғалар ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткендігі туралы шағым түсті.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 25 және 43 жастағы жұмыссыз жүрген Жаңақорған ауданының екі тұрғынын анықтап, ұстады.
Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу барысында олар ұрланған сиырды сойып, етін базарлардың біріне сату үшін тапсырғаны анықталды.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің басқа да 12 мал ұрлығының дерегіне қатысы бар екені анықталды.
Осы фактілердің барлығына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.