Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 1 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін барынша сыпайы болыңыз. Әсіресе жаңа танысқан адамыңызбен әңгіме барысында мәдениеттілік сақтағаныңыз жөн.
Торпақ
Бүгін жалқаулық танытасыз. Егер ауа райы жанға жайлы болса, табиғат аясында демалыс ұйымдастырыңыз немесе демалыс саябағына барыңыз.
Егіздер
Үй шаруасынан демалатын кез келді. Жол дорбаңызды жинап, саяхатқа шығыңыз. Не болмаса, алыстағы туған-туысты аралап, қыдырыңыз.
Шаян
Бүгін алаңсыз демалыңыз. «Жұмысым аяқталмады» деп қиналмаңыз. Түстен кейін сізге көмек көрсететіндер табылады. Сондықтан көңіл-күйіңізді түсірмеңіз.
Арыстан
Бүгін ішпыстырарлық жиынға немесе кездесуге барасыз. Егер мүмкіндік болса, бұл жиынға барудан бас тартыңыз. Бірақ ұйымдастырушыларды ренжітіп алмаңыз.
Бикеш
Бүгін сіздің жолыңыз болады. Барлық мәселелер мен кикілжіңдер сізді айналып өтеді. Сондай-ақ бүгін ірі көлемде сауда жасап, үй ішін жаңалайсыз.
Таразы
Бүгін көңілді, белсенді адамдармен әңгімелесіңіз. Егер отбасылы болсаңыз, үй ішіндегі барлық мәселені шешіп алыңыз.
Сарышаян
Бұрын сізді жарты жолда қалдырған адаммен кездесіп, онымен біраз әңгімелесесіз. Бірақ барлық шындығыңызды айтып қоймаңыз.
Мерген
Бүгін біраз жерде болып, біршама мәселені шеше аласыз. Егер жақындарыңыз үй шаруасына көмектесер болса, шаршағаныңызды сезбей қаласыз.
Тауешкі
Бүгін ірі көлемде сауда жасамаңыз. Не болмаса қарыз қайтармаңыз. Себебі өзіңіз қаржы жағынан қиналып қалуыңыз мүмкін. Сондықтан мұны кейінге қалдырыңыз.
Суқұйғыш
Бүгін өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысасыз. Бұл іс кейін қосымша қаражат әкелетін табыс көзі болмақ. Сондықтан барлығын жан-жақты ойластырғаныңыз жөн.
Балықтар
Көшеде жүргенде немесе көлік жүргізгенде сақ болыңыз. Сондай-ақ спортпен шұғылдану барысында да дене жарақатын алу қауіпі бар.