ҚИЫНДЫҚТАРҒА ҚАРАМАСТАН “EXPO – 2017” КӨРМЕСІНЕ ДАЙЫНДАЛУДА
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Казкоммерцбанк» АҚ-ның қолдауы арқасында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер Шайхы-Ислам Мағауияұлы ағаштан түрлі бұйымдар жасау өндірісін бастап кетті.
Еске сала кетсек, Шайхы-Ислам Мағауияұлы өткен жылы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Жұлдыздарға қара» — «Посмотри на звезды», жобасына қатысып, жеңімпаз атанған болатын. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Казкоммерцбанк» АҚ-ның «Құс жолы» корпоративтік қайырымдылық қорымен бірлесіп жүзеге асыратын жоба аясында Арал ауданының жас кәсіпкеріне жонғыш станок сатып алуға грант бөлінген еді. Жаңа құрылғы кәсіпкердің шағын бизнесін әрмен қарай үлкеюіне септігін тигізіп, естелік сыйлықтар, зергерлік және басқа да бұйымдарды сапалы етіп шығаруға өз пайдасын әкелді. Жонғыш станокпен жас кәсіпкер Шайхы-Ислам темірдің түр-түрінен, түсті металдардан шашбау, тұмар, білезік, сақина, жүзік, ерлер жүзігі т.б зергерлік бұйымдарды, сонымен қатар, қайың ағашынан ыдыс аяқтар, бас табақ, шолпы, қасық, кесе, теріден торсық, кесе қап секілді тұрмыстық бұйымдарды дайындауды жетік меңгеріп, Аралдық тұрғындар мен Арал теңізін көруге келген туристерге өз өнімін сатуда.
Шайхы-Ислам Мағауияұлының сөзінше, бизнесін хобби деп біледі және сүйікті ісімен қуана жұмыс жасайды. Алайда дәрігерлер қолөнер саласымен айналыспауға кеңес берген. Себебі кәсіпкердің көз көру қабілеті жыл санап нашарлап барады. Алайда мақсатшыл жас қолөнерші кәсіпкер осы білгенімен тоқтап қалмақ емес және бүгінде Астана қаласында 2017 жылы өтетін халықаралық "EXPO – 2017” көрмесіне қатысуға үлкен дайындық үстінде.