Қармақшыдағы ХҚКО-да алаяқтық тақырыбында семинар өтті

Семинар барысында аудан прокуроры Е. Сейтжанов қазіргі таңда алаяқтық әрекеттердің ғаламтор, ұялы телефон арқылы көп жасалатынына баса назар аударды. Алаяқтардың қарапайым ұялы телефон арқылы және интернетте отырып-ақ айласын асыратыны жайлы мысалдарды тілге тиек етті.
Сондай-ақ, соңғы кездері оқуға түсіру, жұмысқа тұрғызу барысында немесе үй, автокөлік сату, айырбастау секілді түрлі тұрмыстық қарым-қатыныс кездерінде де тұрғындарды алдап, өз торына түсіретіндердің көбейіп отырғанын атап өтті.
Алаяқтық – бүгінгі қоғамда кең етек алған қылмыс түрі екендігін айтқан аудан прокуроры олардан қалай сақтануға болатындығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.