Қызылордада отбасылық «Толағай» жарысы өтті

Шара 15 жасқа дейінгі балалар мен олардың ата-аналарынан құралған отбасылық командалар қатысты. Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар тапсырылды.
Акцияның екінші бөлігінде, эстафета қатысушылары мен қонақтарға арналған «Зумба» фитнес-би курсы ұйымдастырылды. Шараға қатысушылар концерттік бағдарламаларды тамашалап, спорттық тақырыптарға бағытталған сұрақтарға жауап беріп сыйлық алды.
