Қызылорда жұмыста және оқуда жоқ жастардың саны бойынша 5 орында
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов мәлімдеді.
Өңірдегі 176746 жастың 72 614-і яғни 41 пайызы Қызылорда қаласында тұрады. Бүгінде 101100 жас экономикалық белсенді азамат ретінда танылған. Оның 4200-ы жұмыссыз ретінде тіркелген.
«Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2019 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысымен 4,2 пайызды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға төмендеді. Сондай-ақ, NEET санатына жататын, жұмыста немесе оқуда жоқ жастардың деңгейі 8,3 пайызды құрап, көрсеткішіміз Қарағанды, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шымкент қаласынан кейін 5 сатыда тұр», - дейді Қуаныш Жанұзақов.
Айта кету керек, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына қатысушы ретінде 5390 жас енгізілген, оның 3234-і ауыл жасы.