Қызылордада балалар үйінің тәрбиеленушілері қарақшылық шабуыл жасады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада балалар үйінің тәрбиленушілері қаладағы сауналардың біріне шабуыл жасаған, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Балалар саунаға баса-көктеп кіріп, кассирден 90 мың теңгеден астам ақшаны тартып алып, оқиға орнынан қашып кеткен.
«Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде бір күдікті ұсталды. Ол 16 жастағы балалар үйінің тәрбиеленушісі. Тағы үш күдікті оқиға орнынан қашып кетті, оның екеуі балалар үйінің тәрбиеленушілері болып шықты. Тәулік ішінде олар да тұтқындалды», делінген хабарламада.
Орын алған қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, оларға мүлкін тәркілеумен қатар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.