29 тамыз күні бірқатар өңірде нөсер жаңбыр жауып, жел күшейеді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 29 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Республиканың басым бөлігі циклонның және сонымен байланысты фронттардың ықпалында болады. Кей жерлерде жауын-шашын болып, солтүстік-батыста нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде дауыл тұрып, жел күшейеді. Бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде жел екпіні 15-20, 25 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Бұршақ жаууы мүмкін. Жел 15-екпіні 20, 23 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Түнде кей жерлерде жел қарқыны 15-20, күндіз 15-20, 23-28 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел жылдамдығы секундына 15-20 жетеді.
Атырау облысында желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 17-22 м/с дейін күшейеді. Күндіз шаңды дауыл соғады.
Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Жел екпіні - 15-20 м/с. Қарағанды облысында жел жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл тұрады.
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарыың кей жерлерінде жел екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Жамбыл облысында желдің күші 15-20, 23-28 м/с жетеді. Күндіз Алматы облысында аптап ыстық күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүтстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.