Елімізде енді кез келген жаңа заң жобасы БАҚ беттерінде жарияланады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Яғни, қоғамда қызу талқыланып, оң бағасын алған құжат қана Парламентке ұсынылуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл әзірге нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеу жұмысын жетілдіру үшін ұсынылып отырған заң жобасы ғана. «Жасыл» және «Ақ» кітап тәжірибесін Парламентке алдағы уақытта ұсынамыз. Дегенмен, министрліктерді осы жүйе бойынша жұмыс істеуге қазірден бастап шақырып отырмыз. Бұл тәжірибе заң жобасын қарау мерзімін 1 жылдан 2 жылға дейін ұзартуы мүмкін. Бірақ құжатты жедел қабылдау керек болған жағдайда уақытты қысқартамыз», - дейді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.