Қызылордада облыстық Полиция департаментінің бастығы ресейлік әріптестерімен кездесті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан мен Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің «Байқоңыр» кешеніндегі басқарма бастығы полиция полковнигі Алексей Кузьминнің арасында жұмыс кездесуі өтті. Өзара әрекеттесудің бұл жаңа форматы облыстық Полиция департаментінің бастығы бастамасымен қолға алынды.
Кездесу аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ облыстық Полиция департаментінің және Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің «Байқоңыр» кешеніндегі басқармасы арасындағы қылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен жоспарын әзірлеу және бекіту аясында өткізілді.
Сұлтан Бектөре өз сөзінде дәл қазіргі уақытта есірткі қылмысы, терроризм және экстремизм, заңсыз көші-қон, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан топтардың қызметіне байланысты жалпы қауіптердің өсуіне байланысты біздің аймақтағы осы қылмыстық көріністерге қарсы тұру үшін бірлескен күш-жігер қажет екенін атап өтті.
Сонымен қатар, кездесу аясында Байқоңыр қаласындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өкілдігі басшысының м.а. полковник Алтынбек Ахметов және Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің басқарма бастығы полиция полковнигі Алексей Кузьмин баяндама жасады.
Отырыста ішкі істер органдарының заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, қылмыскерлерді іздестіру саласындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелері, сондай-ақ басқа біреудің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл жасауы бойынша шешімдер қабылданды. Кездесу соңында ведомство басшылары қорытынды құжаттарға қол қойды.