«Шімән апаны» жабылып сабап кеткеннен кейін ауруға шалдыққан
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Көпшілікке «Шімән апа» лақап атымен танылған Ерболат Төлегенов өзінің науқастанып қалғанын «Headliner weekend» бағдарламасында мәлімдеген. Ол бұл дертке өзін бір топ жігіт жабылып сабап кеткеннен кейін шалдыққан.
«2008 жылы Астана қаласында жігіттермен төбелесіп, бір топтың жабылып кеткені бар. Сол кезде аяқтан теуіп, сіңірі кішкене жыртылған. Сондықтан кішкене аяқ ауырады. Ұйқы без, бауыр ауырып, 6-7 жылдан бері су ішемін. Таңғы 5-те тұрсам да, су ішемін. Шөппен емдеуге барып тұрамын. Дәрінің өзі шөп қой. Дәстүрлі емге барып тұрам. Хиджама жасатамын», - деді бағдарлама барысында актер.
Оның айтуынша, әзілкешке «бауыр циррозы» деген диагноз қойылғанына 8 ай болған.
«Менің тұқымымда әкемде, атамда қан қысымы жоғары. «Ауруын жасырған өледі» дейді ғой. Қазір мен 42 келі салмақ тастадым. Салмақты тастамасаң, неше түрлі ауруға алып келеді», - деді Ерболат Төлегенов.