Арал ауданында 13 рет ұрлық жасаған күдікті тұтқындалды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Арал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері бірнеше ұрлық істеген 29 жастағы күдіктіні құрықтады. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іс-шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 21тамызында шалғайдағы ауылдардың бірінде күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.Тергеу барысында күдіктінің ауданда жасалған осы тектес 13 қылмысқа қатысы бар екендігі дәлелденді. Барлық деректер бойынша Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.