Конституция- тәуелсіздігіміздің айғағы
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Конституция күні - мемлекеттік мереке. 1995 жылдың 30 тамызы күні бүкілхалықтың референдумда Қазақстан халқы Конституцияның қабылдауына дауыс беріп, бостандықты, гүлдену мен демократияны қолдады, мемлекеттің ұзақ жылдарға қарышты дамуының стратегиясын анықтады.
Конституция – әлеуетті бірлік пен болашақ жетістіктерге жол ашатын алтын кілт. Сондықтан заңмен жүру, заңды сыйлау – әр азаматтық борышы. Тәуелсіз Қазақстан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, Конституция білім алуға ерікті еңбек етуге, өз азаматтығымызды ашық білдіруге құқық берді.
Еліміздің Ата Заңының негізгі құндылықтары ретінде адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, халық бірлігі және ортақ тарихы тағдырлас барлық ұлт өкілдерін қазақ жерінде біріктіру болып танылған. Конституцияның «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы....» деп басталуы тегін емес.
Бүгінгі таңда қоғамдық келісім мен халықтың бірлігі – еліміздің бас байлығы және өзгелерге үлгі боларлық ең қымбат қазынасы. Дәстүрлі түрде 30 тамызда атап өтілетін Конституция күні Отанымыздың игілігі жолында алға қойылған барлық мақсаттарға қол жететіндігіне сенімімізді арттыра түседі. Қазіргі қолданыстағы Конституцияның арқасындакез келген қоғам үшін аса маңызды болып табылатын мәселелер шешімін тапты: мызғымас мемлекеттігіміз орнап, халқымыздың әл-ауқатының өсуіне жағдай жасалды, республика халықаралық қоғамдастығы өзінің лайықты орнын алды. Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматы мемлекеттің ұстанған бағыты мен даму жолының тиімді және қауіпсіз екендігіне көз жеткізді. Бірлік пен келісім, саяси жігерлілік, даму стратегиясының басымдықтарын анық түсіне білу – мұның бәрі «қазақстандық даму жолын» сипаттайтын көріністер және олардың барлығы конституциялық нормалардан бастау алады.
Конституция – құқықтық жүйенің, бостандықтың негізі. Қазақстанның Ата Заңы – мемлекеттік органдардың қайнар көзі. Ата Заң – қоғамдық өзара келісім мен азаматтардың теңдігінің нышаны. Конституция – біздің шынайы өміріміз бен әлемдік деңгейдегі беделіміздің айқын көрінісі, жарқын болашағымыздың кепілі.
Бибінұр АМАНЖАН,
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының психолог-инспекторы