Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.
Ғ. Әміреев 1970 жылы туған. Мәскеу экономика-статистикалық институты мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын «Қызмет» акционерлік қоғамының менеджері ретінде бастаған.
2001-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, сондай-ақ, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
2012-2016 жылдары «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы Инновациялық саясат департаментінің директоры, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болған.
2016 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Жаңақорған ауданының әкімі қызметін атқарып келді.