Атырау театрындағы өртте "Алла" деп жазылған газет өртенбей қалған (ФОТО)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Атыраудағы Махамбет атындағы академиялық драма театрының ғимаратында болған өрт кезінде Алланың аты жазылған газет қиындысы өртенбей қалған. Аталған газет қиындысын өрт сөндірушілердің бірі тауып алған.
Өртенбей қалған газет қиындысының жоғарғы тұсында Құран кітабы мен тәспінің суреті бейнеленген. Бұл көрнекі сурет Анара Қасымова (Алматы қаласы) авторы ретінде жазылған діни мақалаға берілгені байқалады.
Ал, осы суреттің астында «Кешір, Алла!» атты 7 шумақтан тұратын өлең берілген. Өлеңнің авторы – Маркиза Базарбаева, Алматы қаласынан деп көрсетілген.
Газеттің қалған жарты бөлігінен «Бокс қолғабыңды жоғалтпа, бауырым» деп аталатын мақаланы да көруге болады. Діни мақаланың және аталған өлеңнің авторлары Алматы қаласынан деп көрсетілгеніне қарағанда, бұл республикалық басылым болуы керек.
Өрт сөндірушінің қолынан бұл газеттің қиындысын көрген жергілікті тұрғындар «Алланың құдіреті шексіз екендігін осыдан-ақ көруге болады» деп таңданыстарын жасыра алмаған.
Комментарии 1