Қызылордада трассада 15 млн теңге тонаған күдіктілер ұсталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. 23 тамызда полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны Әйтеке би кентіндегі «Керуен» автобекетінде белгісіз біреулер қолындағы қомақты ақша 2954000 ресей рублі, екі ұялы телефоны бар сөмкесін тартып алып белгісіз автокөлікке мініп кеткендігі жөнінде хабарлама түсіреді.
Хабарламаға сәйкес парульдік полиция қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Ваз-21014 маркалы автокөлігімен қашып бара жатқан 23-25 жас аралығындағы Байқоңыр қаласының 3 тұрғыны ұсталып, тексеру барысында айғақ зат ретінде ақша, телефондар алынды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабының 4-бөлігінің 2 -тармағымен (аса ірі мөлшерде тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе сот шешімімен оларға мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазасы тағайындалуы мүмкін.