«СОТ КАБИНЕТІ» АҚПАРАТТЫҚ СЕРВИСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жуырда Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында талдау және жоспарлау бөлімінің ұйымдастыруымен «Сот кабинеті» ақпараттық серсивінің қызметі аясында семинар сабағы өтті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Оған облыстық сот кеңсесінің бөлім басшылары мен қызметкерлері, облыс орталығында орналасқан соттардың кеңсе меңгерушілері, статистикалық есепке жауапты мамандар және Қызылорда облыстық Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері қатысты.
ХҚКО-ның маманы А.Лұқпанова өз сөзінде, қызмет көрсету орталықтарында халыққа тиісті дәрежеде «Сот кабинеті» сервисі туралы кеңес беріп, техникалық көмек көрсетіп отыратындықтарын, бұл жаңа сервис тараптардың уақытын үнемдейтіндігін айта келе, электронды кілтті пайдалануды қалыптастыратындығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар аяғында өткізілген іс шара бойынша «Сот кабинеті» сервисінің басты мақсаты сот жүйесінің айқындылығын және қол жетімділігін барша халыққа танытудағы ең жоғарғы жетістіктің жаңа енгізілімі екенін айтып, сот қызметкерлерінің қойған сұрақтарына қатысты жауаптар берілді.