Нұрғали Нүсіпжановтың тойында тоқалы ұл туып беретінін айтқан (видео)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақстанның Халық әртісі, 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші, яғни, 37 жастағы журналист Жадыра Сейдешке үйленгенін хабарлаған болатынбыз. Әншінің су жаңа жары Жадыра Сейдеш үйлену тойында Халық әртісіне ұл туып беретінін айтқан.
"Мен сіздің жан дүниеңіздің тазалығын сыйладым. Сондықтан, көкешім, енді еш уақытта ауырып, мені қорқытпаңызшы. Сүрінбеңізші, құламаңызшы, асқар тауым деп таңдадым ғой. Менің асқар тауым болып, Жамбыл жәкемнің жасынан асыңыз. Мен соған қызмет етемін деп келдім. Енді, сіздің өміріңіз осы торттай тәтті өмір болсын. Әдемі жасыңызда әке атансаңыз, оның несі айып? Жақсы адамның артынан ұрпақ қалуы керек. Алладан сіздің қолыңызды ұстап тұрып, бір ғана тілек тілеймін. Кішкентай ғана Нұрғалиұлы біздің шаңырағымызды шаттыққа кенелтіп, өмірге келетін сол сәбидің тілегімен күн кешейікші. Қашанда мен сізді арқа тұтып, ал, сіз менің медеу тұтасыз. Сондықтан, көкешім, ел-жұртыңыздың алдында сізге шын ниетіммен, адал жүрегіммен денсаулық сұраймын. Өйткені, дастарқанның басында тіленген тілек қабыл болады дейді қазақтың салтында", - деді қалыңдық Нұрғали Нүсіпжановтың қолынан ұстап тұрып.