Қызылордада 3248 тонна тұрмыстық қалдықтар қайта өңделген
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Бүгінде тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу ісі жолға қойылып келеді. Қызылорда облысы қалдықтарды кәдеге жарату жұмысында 3 бағытта жұмыс жүргізеді.

Аймақта тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеудің үлесі өткен жылдармен салыстырғанда жоғары. Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату үлесі 7,58%. Өткен жылы көрсеткіш 3,19%-ы құраған. Қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметінде де өзгеріс бар. 6 айдың қорытындысына сәйкес, өңір тұрғындарының 60,87%-ы тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау қызметімен қамтамасыз етілген.
«Қалдықтарды сұрыптау арқылы оны полигонға жеткізу маңызды. Бүгінде экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарының үлесін 3,45% жеткізу жоспарланып отыр»,-дейді Жұлдызай Айтжанова.
Айта кетейік, аумағы 20 гектарды құрайтын, жылына 60 мың тонна қатты қалдықтарды сұрайтын жаңа полигон пайдалануға берілмек. Белкөл кентінде орналасқан полигон мемлекеттік жеке-меншік әріптестік аясында іске асырылады.
