Аралда науқастарға арналған қымбат дәріні өзі иемденген дәрігер ұсталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Арал ауданында қант диабеті ауруына байланысты рецепті бойынша тегін берілетін «Виктоза» дәрісінің 35 қорабын осы диагнозбен науқас аудандық амбулаториялық емхананың дәрігері өзі негізсіз алған. Бұл туралы деді Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Ғабит Ұзақбай мәлімдеді.

«Аталған дерек аудандық полиция бөліміне тергеп-тексеру үшін жүктеліп, осыған жол берген кінәлі медицина қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Осыған орай, прокуратураның ықпалымен емхананың дәрігеріне берілген 10 қорап дәрі кері қайтарылды. Ол дәрілер қант диабеті бар 5 науқасқа толық таратылып берілді», - деді Қызылорда облыстық прокуратурасының баспасөз хатшысы Ғабит Ұзақбай.