Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы мемлекеттік комиссия құрылды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қаулыға Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қол қойған.

Мемлекеттік комиссиясының төрағасы болып ҚР Мемлекеттік хатшысы бекітілген. Комиссия төрағасының орынбасарлары болып Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі тағайындалған.
Сондай-ақ, комиссия құрамына Сыртқы істер, Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт министрлері мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және 14 облыстың әкімдері, еліміздегі ЖОО ректорлары және Мұрат Әуезов, Сауытбек Абдрахманов, Бақытжан Жұмағұлов, Ғарифолла Есім, Роллан Сейсенбаев, Олжас Сүлейменов, Ахан Сатаев секілді тұлғалар енген.