Қызылордада үздік әлеуметтік жобалар анықталды (ФОТО)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпаздарын анықталды.
Атап өту керек биыл облыс бойынша үкіметтік емес ұйымдардан 8 өтінімдер түсіп, арнайы жасақталған комиссиясының назарына ұсынылды. Яғни, байқаудың 5 бағыты бойынша қала, аудандардан келіп түскен 8 жобаның барлығы облыстық кезеңге жолдама алды. Бүгін сол 8 жобаның 3-і жүлделі орындарға қалғаны ынталандыру сыйлығына лайықты деп танылды. Жеңімпаз атанған 3 жоба енді республикалық кезеңде бақ сынайтын болады. Олардың қатарында облыстық кезеңде 3 орынға ие болып отырған Сырдария аудандағы «Әлеуметтік дүкен», 2 орын алған Қызылорда қаласындағы «Иппотерапия» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету әлеуметтік жобасы және 1 орынды иеленген Шиелі ауданыдағы «Аyala» арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жобалары бар.
Аймақтық кезеңнің жеңімпаздары анықталған жиында облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова алдымен жобалардың маңыздылығын жан-жақты атап өттіп, байқаудың негізгі мақсатына тоқталды.
Бұл байқау - өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бастамашыл әлеуметтік жобаларды қолдау. Елімізде іске асырылатын үздік бастамашыл әлеуметтік жобаларды анықтау.