Дәрігерлер ең қауіпті қан тобын атады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Зерттеу бұл қан тобындағы адамдардың перзент сүюде қиындыққа тап болатынын анықтады. Ал сәбилі болса да, үнемі тек бір жыныстағы бала туады екен, деп жазады Sputnik Қазақстан.
"Мұндай қан тобындағы адамдарда, өзгелерге қарағанда онкологиялық дерт жиі кездеседі. Әлемдегі адамдардың 8 процентінде осы қан тобы. Зерттеу мұндай адамдарда бала сирек туылатынын көрсеткен. Негізінен бір жынысты балалар болады", - деп хабарлайды Гарвард университетінің ғалымдары.
Вермонд университетінің ғалымдары да бұл қан тобындағы адамдар инсульт пен ми өзгерісіне жиі шалдығатынын дәлелдеді. Олардың есте сақтау қабілетіне де қауіп төнуі мүмкін. Ақыл-есінің нашарлап кетуі басқа адамдармен салыстырғанда 82 процентке жоғары.
Резусы теріс төртінші қан тобындағы адамдардың иммунитеті әлсіз болады. Сондықтан жиі ауырады.