Тісті құртатын он азық-түліктің тізімі жарияланды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Медицина ғылымдарының кандидаты, тіс дәрігері Дмитрий Смирнов тістің эмалін бұзатын азық-түлікті атады, деп хабарлайды Sputniknews.kz..
Тіс эмалінің басты жауы – газдалған сусындар. Оның құрамындағы қант ауыз қуысындағы зиянды микрофлораны қоректендіреді.
«Мұз кәмпит, карамель, ирис және сағыз да өте қауіпті. Олар ауыз қуысында тіс жегінің таралуына әкеп соғады», - делінген хабарламада.
Смирновтың айтуынша, күнделікті жейтін ботқа да тісті құртатын өнімдердің қатарында. Бұл тағамның қалдығынан тіс жегі пайда болады.
Тізімге, бұдан бөлек, шала қуырылған жұмыртқа мен уылдырық, кептірілген жеміс енген. Олар тіске жабысып, тіс арасында қалып қояды. Маман бұл тағамдарды жеген соң, міндетті түрде тісті тазалауға кеңес береді.
Қышқыл жеміс-жидек пен олардың дайындалған шырындар да тіс эмалін бұзады.
Тұздық пен тосап та – қауіпті өнімдердің қатарында. Бұған қоса, чука балдырынан әзірленген салат пен маринадталған өнімдер де тісті бұзып қана қоймай, қызыл иекке зиян келтіреді.