Әйгілі «Такси» фильмінің актері Абайдың өлеңін жатқа оқыды (ВИДЕО)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Француз актері, танымал «Такси» фильмінің жұлдызы Сами Насери Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны қолдап, өлеңін оқып берді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Танымал актердің ұлы ақынның шығармасын оқыған видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Насеридің айтуынша, эстафетаны оған Қазақстанның Франциядағы елшілігінің кеңесшісі Мұрагер Сауранбаев жолдаған.
«Сәлем, менің атым – Сами Насери. Мен француз актерімін. Досым Мұрагерден эстафетаны қабыл алдым. Оны әрі қарай атақты боксшы Геннадий Головкинге жолдаймын», – дейді ол.
Көпшіліктің көңілінен шыққан «Такси» фильмінің жарық жұлдызы Абайдың «Сағаттың шықылдағы емес ермек» туындысын ана тілінде оқыды.