Арыстағы әскери бөлімнің командирі жарылысқа кінәлі ме?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Арыстағы жарылысқа қатысты әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары қамауға алынды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
«2019 жылдың 23 тамызында ІІМ Тергеу департаментінің қылмыстық істер жөніндегі Әскери-тергеу басқармасымен Арыс қаласындағы арсеналдың жарылу фактісі бойынша әскери бөлімнің командирі мен оның орынбасары – артиллериялық қару-жарақ сақтау базасының бастығы ұсталды», - делінген ІІМ хабарламасында.
Ұсталған күдіктілер ҚР ҚК 462-бабы 3-бөлігінде қарастырылған (жарылғыш заттарды ұстау ережелерін бұзу), 453-бабы 2бөлігі (ауыр зардапқа апарып соққан немқұрайлылық) бойынша қамауға алынған.
«Бүгін Түркістан облысы Арыс аудандық сотымен аталған адамдарды 2 айға «Қамауға алу» шарасы қабылданды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ІІМ.