Қызылордада перзентхана күзетшісіне қол көтерген 2 байқоңырлық ұсталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордадағы «Ана мен бала» орталығында күзетшіге қол көтерген екі тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұл оқиға 22 тамыз күні болған. Сол күні Байқоңыр қаласында тұратын 32 жастағы жігіт медициналық орталыққа танысымен келеді. Оларға медбике мен күзетші кіру уақыты аяқталғанын түсіндіреді. Ескертуге құлақ аспаған олар медбике мен күзетшіге дөрекі сөйлейді. Күзетшіге қол көтеріп, оны ұрып-соққан.
«Қазіргі таңда күдіктілер ұсталды, сараптамалар тағайындалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде», - делінген Қызылорда облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратта.