СУДЬЯ «ӨМІРДІҢ ӨЗІ» БАҒДАРЛАМАСЫНДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ
Қызылорда қалалық сотының судьясы К.Садуақасова «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Өмірдің өзі» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде сұхбат берді.
Бағдарламада қоғамдағы жалғыз басты әкелердің өмір-күйі, қоғамның жалғыз басты әкелерге деген көзқарасы, отбасын, балаларын тастап кеткен аналардан алимент өндіру мәселелері және отбасы балаларын тастап кетуге нендей себеп болған жағдайлар бойынша әңгіме өрбітті.
Тікелей эфир барысында Қызылорда қалалық сотының судьясы К.Садуақасова 2014 жылда алимент өндіру бойынша «әкелерінің пайдасына аналарынан балаларын асырап бағу үшін алимент өндіру» жөніндегі сот актілері бойынша статистикалық мәліметтермен бөлісіп, олардың дені жастар екенін тілге тиек етті.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі