Полицейлерге «ала таяқтарын» қайтаруға қанша қаржы керек?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ІІМ тарапынан патрульдік полиция қызметкерлеріне «ала таяқтарын» қайтару туралы ұсыныс айтылғаны белгілі. Әкімшілік полиция комитетінде бұл жаңалыққа қатысты пікір білдіріп, аталған шараға қанша қаражат қажет болатыны жөнінде мәлімдеді.
Аталған комитет басшысы Мақсат Байболовтың сөзінше, құқық қорғау органдарына таяқшаларын қайтару туралы шешім жүргізушілердің өтініштерінен кейін және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді есепке ала отырып қабылданған.
– Қазақстандық автокөлік иелерінің патрульдік қызметкердің іс-әрекеті таяқшамен анығырақ және түсініктірек көрінетінін айтты, – деп хабарлайды Әкімшілік полиция комитетінен.
Сондай-ақ, ол таяқшаның нашар көру кезінде және қараңғы түнде жолды реттеу үшін қажет екенін сөз етті.
Мақсат Байболов аталған шараға қосымша қаражаттың қажет емес екенін айтады. Себебі таяқшалар полиция қоймасында сақтаулы тұр екен.