Жаңа мамандықтар атласы – білім саласына жаңаша бетбұрыс болмақ
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Білім беру саласы мен еңбек нарығының арасындағы байланыстың жоқтығы бүгінде мамандық таңдауда проблема туындатып отыр. Осы себепті де біз «Жаңа мамандықтар атласы» жобасын жасадық.
Бұл – келешекте еңбек нарығында қандай мамандықтың керек екендігін, қандай мамандықтың «зейнеткер», өзгермелі екендігін анықтап береді. Бүгінде бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін біз әрбір жоғары оқу орнына осы мамандықтар бойынша білім алуға мүмкіндік жасаймыз.
Қазіргі білім саласы онлайн білім алуға көшкен уақытта мамандық ауыстырудың жолы тым тез дамуда. Бұрын бір саланың маманы 20-30 жыл болса, қазір мамандықты өзгертудің жолы 5-8 жылға қысқарып кетті. Демек, біз жаңа мамандықтар таңдау арқылы болашақта жұмыссыз қалмауға әрекеттенуіміз керек.
Саясат НҰРБЕК,
«BTS Digital» білім беру орталығының басшысы