Қызылордада «Біз мектепке барамыз» акциясы кеңінен қолдау табуда
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылордада "Біз мектепке барамыз" акциясының бірінші кезеңі өтті.
Қазақстан Коммунистік халық партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен аз қамтылған отбасылардың оқушы балаларына 46 мектеп формасы, 7 сөмке және оқу құралдары тапсырылды.
Акцияда Қазақстан Коммунистік халық партиясы Қызылорда облыстық филиалының І хатшысы Т.Телеубаев ата-аналарды келе жатқан білім күнімен құттықтап, осы іс-шараға демеушілік көрсеткен облыстық «КазТрансГаз» мекемесінің басшыларына, Қызылорда қаласындағы "Промстройсервис" ЖШС басшылығына, жеке кәсіпкер «Нұрхан» сауда дүкені басшысына рахметін айтты.
Акцияның екінші кезеңі С.Ықсанов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес коледжінде өтеді. Аз қамтылған жанұядан шыққан 100 оқушы балаларға мектеп формасы, 12 оқушы сумкесі және оқу құралдарын тарату жоспарлануда.