Қызылордалық полицейлер өрттен 17 адамды құтқарды (видео)
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы Қорқыт ата көшесіндегі пәтерлердің бірінен өрт шықты.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше сол түні жанып жатқан үйде шамамен 17 тұрғын эвакуацияланған.
Айта кетейік, оқиға орнына жедел жеткен аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Мақсат Жылқайдаров, №2 УПП полиция инспекторлары полиция капитаны Мақсат Хасенов және полиция лейтенанты Бақытжан Досмағамбетов.