Қармақшыда ХҚКО мамандары «Мектепке жол» акциясына қолдау білдірді (ФОТО)

Жыл сайынғы өткізіліп жатқан осынау шараға демеушілер мен меценаттар тарапынан көрсетілген көмектер мен қолдаулардың үлесі зор. Биыл да республикалық «Мектепке жол» акциясына барлық деңгейдегі мекеме басшылары, аудан әкімдері, кәсіпкер азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, аудандық, қалалық білім бөлімдері, сондай-ақ, мектеп басшылары атсалысып жатыр.
Осы жалпыұлттық акциядан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қармақшы аудандық бөлімшесінің қызметкерлері де тыс қалмай, өз қолдауларын білдірді.
Аталған Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары аудандағы көп балалы отбасындағы 3 сыныпта оқитын оқушыға мектепке қажетті оқу құралдары мен сөмке табыстап, тәтті торт пен шоколадтар ұсынды.
