Сырдарияда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кездесу өтті
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде және Шаған, Айдарлы ауылдық округтерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен жою бағытында іс-шаралар өтті.
"Ақмешіт – адалдық алаңы" жобасы аясында ұйымдастырылған шараға бюджеттік сала қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Тереңөзек кентінде өткен кездесу "Адалдық – адамның ең асыл қасиеті" тақырыбында өрбіді. Кездесуге қатысушылар жемқорлық ауыр қылмыс екенін айтып, онымен күресуге әрбір азамат міндетті деген өз ойларын білдірді.
Шаған ауылдық округінде өткен сұхбат алаңында қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстары ауданда жүйеленгеніне тоқталды. Жемқорлықты жоюға жергілікті мемлекеттік мекемелер белсенді атсалысып жатқаны айтылды.
Ал, Айдарлы ауылында өткен кездесу барысында ауыл тұрғындары жемқорлықпен күресуге негізделген түрлі іс-шаралар елді мекенде тұрақты түрде өткізіліп жатқанынан мысал келтірді. "Ақмешіт – адалдық алаңы" жобасы аясында қолға алынған жұмыстардың нәтижесі болатынына сенім білдірді.