25 тамыз: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1992 жылы КСРО Президенті Михаил Горбачев КОКП-ны таратуды ұсынды, осылайша өзін КОКП ОК Бас хатшысы міндетінен босатты.
1994 жылы Алматыда «Неміс үйі» ашылды.
2005 жылы Алматыда «Жеті Жарғы» баспасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдық мерейтойына орайластырған заңнамалық актілер жинағын және Қазақстан Республикасы Конституциясының кәдесый жиынтығын басып шығарды. Заңнама актілер жинағының құрастырушысы - белгілі ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Ғайрат Сапарғалиев. Жинақ қазақ және орыс тілінде жарық көрді, оның таралымы - 2500 дана. Қазақстан Республикасы Конституциясының кәдесый жиынтығы қазақ және орыс тіліндегі кішкентай кітапшадан тұрады, оның таралымы - 2000 дана. Кәдесый жиынтығына қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі кітаптар кіреді, 1000 дана. «Жеті Жарғы» баспаханасы заң әдебиеттерін басып шығарады. Оның қызметінің негізгі бағыты - жаңадан қабылданған заңдарды, толықтырулар мен өзгертулерді, бұрын шыққан заңнама актілеріне толықтыруларды жедел түрде шығару және заңгерлердің практикалық қызметінде қолданылатын нормативтік-құқықтық актілер жинағын дайындау. 2002 жылы баспахана Франция өнеркәсібін қолдайтын қауымдастықтың Алтын медалімен марапатталды.
2011 жылы Алматыда КСРО және ҚазКСР халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланова тұрған үйге әншіге арналған ескерткіш тақта орнатылды.