Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 24 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Дәл бүгін ісіңіз алға басып, жұмысыңыз өрге домалайды. Алдыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылып, жұмысқа деген құлшынысыңыз артады. Болашаққа жаңа жоспарлар құрыңыз.
Торпақ
Бүгін өмірді жаңадан бастауға мүмкіндік бар. Қызметте өсуіңіз де мүмкін. сонымен қатар отбасылық мәселені де оңтайлы шешешіт боласыз. Тек өзіңізге сеніңіз. Өз ісіңізге ешкімді араластырмаңыз.
Егіздер
Бүгін сіздер жаңа достар табасыз. Не болмаса ойыңыз бір жерден шығатын жандарды жолықтырасыз. Іскер жандар қызықты іс бастайды. Сондай-ақ саяхаттаудан да бас тартпаңыз.
Шаян
Егер басыңыз бос болса, тез арада екінші жартыңызды тауып, шаңырақ құруға асығыңыз. Бүгінгі таңдауыңыз сізді еш өкіндірмейді. Егер өз таңдауыңызға сенімді болмасаңыз, сізге уақыт қажет.
Арыстан
Бүгін сіз өзіңізге сенімді боласыз. Еркіндікті сезініп, сәттілік серігіңіз екенін аңғарасыз. Алыс жолға шығып, араласатын жандардың қатарын толықтырасыз. Жетістікке жету жолында аздап алаңдайтын боласыз.
Бикеш
Бүгін денсаулығыңыз сыр беріп, аздап науқастанып қаласыз. Ашушаңдыққа салынбаңыз. Сабырлы қалпыңызды сақтай біліңіз. бүгін денсаулығыңызға көп көңіл бөліп, көп мөлшерде су ішіңіз.
Таразы
Билікпен немесе басшылықпен араңызда аздаған мәселелер орын алуы мүмкін. басшылықтан қорқып, бұқпантайлаудың қажеті жоқ. Сондай-ақ ашық түрде дөрекілік танытудың да қажеті шамалы.
Сарышаян
Бүгін сіз үшін керемет күн деп айту қиын. Бірақ өткен күндерде жеткен жетістігіңіз бен ерен еңбегіңіз үшін марапатталуыңыз мүмкін. Егер бүгін сіз біліміңізді жетілдірер болсаңыз, ісіңіз сәтті болмақ.
Мерген
Махаббатта жолыңыз болады. Өмірлік серігіңізбен ара-қатысаңыз тұрақталып, одан әрі беки түседі. Бірақ бұл қарым-қатынастан көп өзгеріс күтудің қажеті жоқ. Егер мүмкіндік болса әркім өз мәселесін шешкені жөн.
Тауешкі
Әріптестеріңізбен тығыз қарым-қатынас орнатыңыз. Сіздің біреуге немесе сізге әлдекімнің көмегі қажет болуы мүмкін. «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» демекші, бүгін көпшілікпен бірге әрекет етіңіз.
Суқұйғыш
Тағдырдың «сыйын» күтіп отырудың қажеті жоқ. Бұл басы бос жандарға да, отбасылы адамдарға да қатысты. Сүйікті адамыңызбен немесе жақын туыстарыңызбен келіспеушіліктер болуы мүмкін
Балықтар
Өзгерістерден қорқатын жандар бүгін де тыныштықты сақтап, алдыға ұмытылмайды. Ол өзінің жанынан өтіп жатқан мүмкіндікті құр жіберіп алады. Жалпы, сізге берілген мүмкіндік көп.
Өзгерістерден қорқатын жандар бүгін де тыныштықты сақтап, алдыға ұмытылмайды. Ол өзінің жанынан өтіп жатқан мүмкіндікті құр жіберіп алады. Жалпы, сізге берілген мүмкіндік көп.