Қайрат Әділгерей «Түнгі студияны» жүргізу үшін қанша пара берген?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. «Түнгі студия» бағдарламасының жүргізушісі Қайрат Әділгерей өзінің жаңа жұмысына байланысты сансыз сұрақ қоятын көпшілікті қалай орнына қоятынын айтып берді. "Жеңіс шоу" бағдарламасына келген әзілкеш жүргізушілік тізгініне қалай ие болғанын мәлім еткен.
"Алты ай жұмыстан кейін теріс пікірлерді қабылдамадым. Тіпті тойларда жүргенде "Нұрланды қайда жібердің?", "Түнгі студияны қалай тартып алдың?" деп сұрайды.
Сосын мен әзілдеп, "Мен бағдарламаға кіру үшін 200 мың доллар бердім" деп әңгімені жіберемін.
Олар болса таңғалып қалады. Мен Нұрланды қуып жіберіп, өмір бойы "Түнгі студияны" алып қалу үшін жұмыс істеген адам сияқты болып қаламын.
Кейде әдейі интрига жасап, "Уақытша. Ертең Нұрлан қайтып келеді" деп қоямын. Қазіргі таңда арнаның басшылары ауысты. Қазір енді үшінші кезеңді бітірдік", - деп ағынан жарылды Қайрат Әділгерей бағдарлама барысында.