Жұлдыздар не дейді?
oldkaz.kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 23 тамызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Сіз бүгін жақындарыңызға өте қатал, ал қызметкерлеріңізге өте талапшыл боласыз. бұл мінезіңіз өзіңізге де ұнамауы мүмкін. сондықтан өзіңізге жақын адаммен ашық әңгімелесіп, мәселеңізді шешіп алыңыз.
Торпақ
Сіз бүгін күйзеліске түсуге бейім боласыз. Сондықтан жағымсыз ортадан бойды аулақ ұстаңыз. Сонымен қатар алыс сапарға шықпаңыз. Таза ауада серуендеңіз, әсіресе ұйықтар алдында.
Егіздер
Күнделікті жұмыстан шаршайсыз. Білім көкжиегін кеңейту мақсатында басқа да шаруалармен айналысуды жөн көресіз. Бірақ барлық уақытта да сіздің айтқаныңыз бола бермейді. Арасында жоспарларыңыз өзгеруі мүмкін.
Шаян
Әріптестеріңізбен бірге ауқымды жұмыс жасайсыз. Сізге берілген тапсырманың жүгі ауыр. Оны орындау үшін біраз тер төгуіңізге тура келеді. Жұмысты бұлжытпай орындау үшін өзгелердің аздаған көмегі қажет болады.
Арыстан
Бүгін шығынға ұшырайсыз. Одан қашып құтылу мүмкін емес. Отбасыңызда әрбір жанға көңіл бөліп, олардың мұқтаждықтарына назар аударыңыз. Кейбір жандар өз-өзімен болып, жалғыз қалуды қалайды. Жұмыс ауыстыруды көздейсіз.
Бикеш
Махаббатта жолыңыз болады. Сүйген адамыңызды жолықтырып, басқосуды да қалайсыз. Ойыңызды сүйіктіңізге жеткізіңіз. Сеніңіз, оның да сізге деген сезімі ерекше. Уақытты текке кетірмеңіз.
Таразы
Бүгін табысты боласыз. Үйіңізге кіріс кіріп, қаражат жинай бастайсыз. Күннің екінші жартысында көптен күткен арманыңыз орындалып, үмітіңіз қайта оянады. Әрдайым қозғалыста болыңыз, шаруаларыңызды соңына дейін орындаңыз.
Сарышаян
Бүгін сіз үшін айтарлықтай жаңалық жоқ. Сондықтан да бұл күн есіңізде қалмайды. Сол секілді өзекті мәселелер де көп емес. Алайда жұмыста немесе жеке өміріңізде аздаған қиындықтар туындап қалуы мүмкін.
Мерген
Бүгін жұмысты кейінге қалдырасыз. Өз жағдайыңызды ойлап, жан-жағыңызға алаңдайсыз. Сонымен қатар келешекке жоспарлар құрып, жүйкеңізді тыныштандырасыз. Бұл іс-әрекетіңіз дұрыс-ақ!
Тауешкі
Айналаңызда өзгерістер орын алады. Не исключены перемены в вашем окружении. Ескі таныстармен қарым-қатынасыңыз үзіледі. Кейбір жандар жаңа таныстар немесе туыстарын табады.
Суқұйғыш
Сүйіктіңізге көңіл бөлуге уақытыңыз жоқ. Оған жұмысбастылық немесе оқудың көптігі себеп болуы мүмкін. Бұл жағдай оң әсерін тигізеді деп айтуға болады. Себебі бір-біріңізден алыстау арқылы өз бағаларыңызды арттырасыздар.
Балықтар
Бүгін өз-өзіңізді дамытасыз. Қызықты, әрі табысы мол жұмыс тауып, маңызды іспен немесе шығармашылықпен айналысасыз. Есіңізде болсын, ұсақ шаруаларға уақыт кетірмей, маңызды істі қолға алыңыз.