Әнші Жазира Байырбековаға дуа жасаған кім?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Әнші Жазира Байырбекова осыдан біраз уақыт бұрын депрессияға түсіп, екі жылдай жағдайының жақсармағанын жеткізді. Өнер иесі дәрігерлермен қатар молдаларға, емшілерге қаралған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің айтуынша, күйзелістен айығып, бұрынғы қалпына келу үшін өзіне жары мен ұлының көмегі көп болған.
"Мен бұрын депрессияны жай ғана көңіл-күйі түскен сәт деп ойлайтынмын. Ал өзім депрессияға түскенде, оның өте жаман нәрсе екенін түсіндім. Үңгірге түсіп кетіп, шыға алмай жатқандай боласың. Шығуға тырысасың, бірақ ешқандай шара таппайсың. Одан мені ұлым мен күйеуім алып шықты.
Олар болмаса, мен депрессиядан шыға алмай, ары қарай кетіп қалатын едім. Олар мені қасынан тастамай, жанымда болды. Солай екі жылдай жүрдім.
Түсірілімдерге барып келемін, білдірмей. Ол кезде бірінен соң бірі аурулар басталды, депрессияға кірдім. Сол кезде молдаларға, емшілерге барсам, "Көз тиген" және "Сиқыр, дуа жасалған" дейді. Ал дәрігерлер "Шаршағансың", "Ұйқы жоқ, басыңда уайым көп. Жауапкершілігің көп. Сен содан ауырғансың" дейді.
Шынымды айтайын, қайсысы дұрыс екенін әлі білмеймін. Бірақ сол ауыртпалық артта қалды", - дейді Жазира Байырбекова.