Биыл Қызылорда облысында мектепке баратын оқушылар саны күрт өскен
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Биыл Сыр еліндегі 293 мектепте 164 500 оқушы мектепке келеді. Бұл туралы Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова хабарлады.

«Облыста қазіргі таңда балабақшалар саны 667-ге жетіп, онда 61 мың бала тәрбиеленуде. Балабақшалардың 72% жеке секторда. Арал, Қазалы аудандарынан 85 орынға арналған 2 жеке балабақша, Қызылорда қаласынан 140 орынға арналған 1 мемлекеттік балабақша ашылды», - дейді Майра Мелдебекова.
Айта кетейік, аймақта жеке-меншік балабақшалардың үлесі барлық балабақшаның 72%-ын құрайды.