Қызылордалық Назарбаев мектеп ұжымының еңбегі еленді
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тамыз кеңесінде Қызылордадағы Зияткерлік мектеп ұжымы орта білім беруді жаңғыртуда қосқан ерекше үлесі үшін Білім және ғылым министрлігінің арнайы марапатына ие болды.
Еліміздегі NIS ұстаздарының басын қосқан жылдың бас педагогикалық кеңесінде мектеп жетістіктері аталып, вице-министр Фатима Жақыпова мектеп директоры Бахыт Жұматайға алғыс хат табыстады.
Сондай-ай, білім беру процестерін жетілдіруде және оқыту бағдарламаларын іске асыруда айтарлықтай табыстары үшін мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі Дариха Мұнарбаева «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.