Ең ұзақ есімді қызылордалық қыз туралы не білеміз?
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында ең ұзақ есімді қыз тұрады. Оның есімі 17 әріптен құралған. Бұл туралы облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Айсәуле Қарапаева жазған.

Ал біздің Қызылорда қаласында есімі 17 әріптен тұратын тұрғын барын біреуіңіз білсеңіз, енді екіншіңіз естімеуіңіз мүмкін. Аққаракөзайымсұлу Ғабитқызы отбасындағы тұңғыш немере болғандықтан, оның есімін қоюға барлығы қызығушылық танытыпты. Ата-әжесі әрқайсысының ұсынған есімдерін жинақтап Аққаракөзайымсұлу деп атауды жөн санайды. Оны жақындары еркелетіп Қаракөз дейді. Есімі ерекше жан ұстаздық жолын таңдапты. Бүгінде еліміздің білім беру саласына өз үлесін қосып жүр, – деп жазады тілші А.Қарапаева өзінің мақаласында.
Комментарии 1