Мәскеуде қазақстандық мәдениет қызметкері тұтқындалды
Мәскеуде құқық қорғау қызметкерлері Ресейдегі қазақ мәдениеті қоғамының басшысы Ерназар Нұриевті тұтқындады. Ол үш жыл бұрын Мәскеуде өткен жыр фестиваліне бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталған. Бұл туралы НТВ телеарнасы хабарлады.

Жалпы, іс материалдары бойынша, Нұриев 400 мың рубльді жымқырды деп айыпталып отыр.
Қазақ мәдени қоғамы басшысы өз үйінде тұтқындалған. Тінтуге барған ЖҚАЖ-дың шұғыл әрекет тобы мен сарбаздарына Нұриев есік ашпай, олар күш қолдануға мәжбүр болған. Пәтерді тінту барысында үйден басы артық ақша табылмаған, бірақ тергеушілер ол арадан қажетті басқа дәлелдерді анықтаған.
"Әзірге тергеушілер Нұриевтің бюджет ақшасына қол сұғуы бойынша бір эпизодты ғана дәлелдей алды. Ол бойынша Нұриев өз кінәсін мойындады. Қызмет бабын пайдалана отырып, алаяқтық әрекетке барды деген айыппен іс сотқа жолданды. Бюджет ақшасын басып қалмақ болған қазақ мәдени қоғамының басшысы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - делінген ресейлік телеарна таратқан ақпаратта.
