Байқоңырда өз қызын көшеде зорламақ болған әке ұсталды
oldkaz.kyzylorda-news.kz. Байқоңыр қаласының 33 жасар тұрғыны өзінің бес жасар қызына сексуалды әрекеттер жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Ресей Федерациясының Тергеу комитеті Тергеу бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оқиға 16 тамыз күні кешкі сағат 18:00 шамасында Королев даңғылында орналасқан автобус аялдамасында болған.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, олар аялдамада кішкентай қызға қатысты ерсі әрекеттер жасап жатқан ер адамды көрген. Тұрғындар оны бірден тоқтатып, оқиға орнына полиция шақыртыпты.
Кейіннен анықталғандай, 33 жастағы азамат бүлдіршіннің әкесі болып шыққан.
Тұтқындалған ер адамға қатысты кәмелетке толмағандардың жыныстық қатынасқа итермелеуге қарсы құқық бұзушылығы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда күдіктіні қамауға алу мәселесі қарастырылып жатыр.
Комментарии 1