21 мың теңгені заңсыз алғандар қаржыны мемлекетке қайтарады
oldkaz.kyzylorda-news.kz. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындап, төлеу қағидасына енгізілетін өзгерістерді әзірледі. Жоба 3-ші қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды, деп жазады Informburo.

Егер жәрдемақы алушы хабарлама алғаннан кейін бір айдың ішінде негізсіз алған қаражатын Үкіметке ерікті түрде қайтармаса, құзіретті орган сотқа жүгінеді.
Жобада атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасының еңбекке жарамды жастағы мүшелерін жұмысқа орналастырудан бас тарту жағдайын реттеуге арналған өзгерістер де қарастырылған. Бұған қоса өзгерістер енгізілген жаңа құжатта жәрдемақы төлеу мерзімінің аяталатын кезі туралы да жазылған.